Иелері
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Kia K5 және Sorento GOOD DESIGN 2020 марапатына ие болды
21 қаңтар 2021

Kia K5 және Sorento GOOD DESIGN 2020 марапатына ие болды

Kia Motors компаниясының су жаңа модельдері дизайн саласында екі беделді марапатқа ие болды. Бизнес санатты K5 седаны және көлемі орташа Sorento кроссовері «Көлік құралдары» санатында жыл сайынғы GOOD DESIGN Awards сыйлығының жеңімпаздары атанды.

Бұл модельдердің алдыңғы буындары 2015 жылы GOOD DESIGN Awards байқауының жеңімпазы атанған. Telluride жол талғамайтын көлігі[1] және Soul сәнді қалалық кроссовері де осы марапатқа ие болды.

 Kia K5

K5 бизнес седаны D санатты автокөлік туралы ең заманауи түсінікке сәйкес келетін жабдықтың жоғары деңгейіне ие. Оның таңғажайып көрінісі жүргізушіге бағытталған салонмен тамаша үйлеседі. Модель «жолбарыстың күлкісі» (tiger nose) түріндегі фирмалық KIA радиатор торымен және «жүректің соғысы» стиліндегі күндізгі жүріс жарықтарының жаңа түпнұсқа графикасымен ерекшеленеді. Интерьер футуристік дизайнда жасалған және 12 дюймдік сандық аспаптық панелімен жабдықталған.

Kia Sorento

Жаңа Sorento дизайнында модельдің бұрынғы буындарының сыртқы түріне тән ең жақсы қасиеттер қайта қарастырылып, жаңа деңгейде жүзеге асырылған. Автокөлік талғампаз және сәнді стилистикалық элементтермен, күшті жиектермен, жоғары технологиялық бөлшектермен және ұзартылған пропорциялармен ерекшеленеді. Фирмалық «жолбарыстың күлкісі» стиліндегі радиатор торы кеңейе түсті, енді онда негізгі фаралар үйлесім тапқан – бұл шешім кроссоверге сенімді көрініс береді. Салон әсерлі безендіру, премиалды сапалы әрлеу материалдары және ең озық технологиялық шешімдерді қолданатын ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің есебінен тартымды бола түскен.

Kia Sorento

GOOD DESIGN Awards сыйлығының жетпіс жылдық тарихы бар, бұл әлемдегі ертеден келе жатқан дизайн жарыстарының бірі. Жыл сайынғы байқау бағдарламасы инновациялар үшін жаңа бағыттар белгілейтін және әлемдік нарықта өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі туралы түсініктер көкжиегін кеңейтетін дизайндағы және өндірістегі өнімдер мен көшбасшыларды анықтайды.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right