Kia
Өсіп-өн!
Клиренс 195 мм
Жылы опциялар
Навигациясы бар 8" мультимедиа
Функционалдылықты баса көрсететін стиль – бұл жаңартылған Kia Rio X формуласы, әсерлі және қолайлы автокөлік. Ұтымды дизайн, жайлылық пен әмбебаптылық, сенімділік және біздің жағдайымызға толық дайын болу — мұнда бәрі бір мақсатқа бағынады: рульге отырған кезде сіз тек қуанышты ғана емес, сенімділікті де сезінуіңіз керек.
Алдыңғы фаралардың жаңа пішіні Kia Rio X бейнесіне жаңашылдық пен көрнектілік беріп тұр. Бұл ретте көп фокусты жарық диодтары тәуліктің қараңғы уақытында жарықтықты, шолу және қауіпсіздікті айтарлықтай арттырады.
Фирмалық «жолбарыстың күлкісі» бар жаңартылған дизайнның арқасында автокөліктің бейнесін күшейте отырып, бампердің пішінімен визуалды түрде үйлесім тапқан.
Алдыңғы бампердің өзгерген сызықтары автокөлікті жаңа қырынан ашады: Kia Rio X ешқашан да дәл мұндай салмақты әрі серпінді болған емес.
Пайдалы әрі ыңғайлы жаңашылдық – автокөліктің бұрылу жағы жанатын жарық. Бұл қауіпсіздікті едәуір жақсартады және кенеттен болатын тосынсыйлардан қорықпауға мүмкіндік береді.
Тұманға қарсы фаралардың минималистік сызықтары – бұл автокөліктің бейнесіндегі тағы бір батыл дизайнерлік екпін.
195 мм әсерлі клиренс табиғатқа батыл шығуға, ал қалада сенімді тұраққа қоюға мүмкіндік береді.
Kia Rio X көптеген дизайнерлік екпіндер мен бөлшектердің арқасында ұтымды әрі сенімді көрінеді. Жинақы, лезде үдеуге дайын сияқты, ол тек бір нәрсені ғана күтеді: қозғалтқышты іске қосып, педальды бассаңыз болғаны.
Ерекше суреті бар әсерлі артқы шамдар автокөлікке тән бейнені тиянақтап тұр, автокөлігіңіз тіпті, күндіз де ерекшеленіп тұрады.
Ұтымды қара спойлер экстерьердің артқы бөлігіндегі суретті тиянақтап, автокөліктің сипатына контраст түс енгізіп тұр.
Жаңартылған Kia Rio X төбесіндегі рейлингтер, профильдің қайталап тұрған сызықтары әрі талғампаз, әрі функционалды шешім болып табылады.
Молдингтер мен дөңгелек аркалардың ойластырылған пішіндері табиғатқа шығу кезінде және тегіс емес жолдармен жүру кезінде автокөліктің шанағын қорғайды.
Жеңіл қорытпалы 16" дискілерінің жаңа дизайны автокөліктің сыртқы түріне барынша спорттық әсер беріп тұр.
Контраст көлденең хромдалған сызығы бар бір блок түрінде жасалған ауқымды орталық панель автокөліктің кеңістігін визуалды түрде кеңейтеді.
Талғампаз әрі ыңғайлы, эргономикалық орналасқан, жылтыраған, хроммен әрленген, берілістерді ауыстыру тұтқасы ұтымды және өте функционалды дизайнерлік бөлшек.
Сапардың егжей-тегжейінен, автокөліктің функционалды теңшеулерінен және ауа райы туралы ақпараттан, жүріс резерві және отын шығыны туралы хабардар болып отырыңыз, қажет нәрсенің бәрі борттық компьютердің түрлі түсті 4,2" дисплейінде көрсетіледі.
Батыл визуалды екпіндер, спорттық сипат және арнайы техникалық жабдықтар жиынтығы жаңартылған Kia Rio X автокөлігін нағыз тыныштықты бұзушыға айналдырады. Егер сіздің міндетіңіз кез келген сауық кештің жұлдызы болу болса, STYLE нұсқасы Сізге арналған.
Фирмалық «Жолбарыстың күлкісіндегі» ерекше сызық автокөліктің спорттық сипатын білдіріп тұрғаны анық.
Жеңіл қорытпалы 15" дискілердің ерекше дизайны автокөліктің сыртқы түрін керемет пысықтап тұр.
Проекциялық фаралар, жарықдиодты күндізгі жүріс шамдары және тұманға қарсы фаралар керемет жарық береді, тіпті, шуақты күндері де жолда бәрінің көрінуін және тұман жағдайында қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді.
Әсерлі артқы шамдар Kia Rio X автокөлігінің STYLE нұсқасын кез келген көлік ағынынан дәл табуға мүмкіндік береді.
Рейлингтердегі батыл ерекшеліктер автокөліктің бейнесін тиянақтап тұр.
Басқару органдарындағы қосымша түс ерекшеліктері STYLE нұсқасының батыл сипатын барынша көрсетеді.
Алдыңғы панельдің бүкіл ені бойындағы қызыл сызық әсерлі әрі сәнді болып көрінеді.
Қанық қызыл түстің талғампаз тігісі интерьерге спорттық белгілер қосады.
Үлкен экраны, интуитивті интерфейсі және ыңғайлы басқаруы бар жаңа жүйе — салонның сәні. Артқа қарай қозғалу кезінде артқы көрініс камерасынан кескін автоматты түрде дисплейде пайда болады.
Apple CarPlay және Android Auto жүйесімен үйлесімділіктің арқасында сіз қоңырау шалып, хабарлама жіберіп, оны қабылдай аласыз, музыка тыңдай аласыз және басқа қызметтерді қолыңызды рульден алмай-ақ пайдалана аласыз.
Артқа қарай жүрген кезде артқы көрініс камерасынан жасалған сурет экранда пайда болады, тіпті, тар жерде де сенімді әрі қауіпсіз тұраққа қоюға мүмкіндік береді.
Қоңырау шалыңыз, хабарламалар алыңыз және жіберіңіз, сүйікті әніңізді таңдаңыз немесе бағыт белгілеңіз — рульдегі түймешелер мен Bluetooth арқылы дауыстық басқарудың көмегімен жол жағдайына назар аударасыз.
Қалада да, алыс сапарларда да жаңартылған Kia Rio X сізге және серіктеріңізге қамқорлық жасайды. Жақсы ойластырылған салон сапардан барынша рақат алуға көмектеседі. Автокөліктегі жайлылық функциялары – бұл көптеген жағымды нәрселер, оларды пайдалану арқылы сіз шаршағаныңызды ұмытасыз.
Автокөлікке кілтсіз кіру және қозғалтқышты қашықтан іске қосу жүйесі ыңғайлы және пайдалы шешім болып табылады, оны сіз міндетті түрде бағалайсыз.
Руль дөңгелегінің эргономикасы аудиожүйені, круизді бақылауды және Bluetooth-ды оңай басқаруға мүмкіндік береді, қажетті түймешелерді дәл табасыз, жолға еш алаңдамайсыз.
Ұзақ сапарларда белгіленген жылдамдықты сақтап қана қоймай, айыппұлдың алдын алу үшін жылдамдықтың жоғарғы шегін орната аласыз.
Жайлы температураны орнатыңыз және климатты бақылау оны сапар бойы сақтап тұрады. Ыңғайлы және сәнді басқару блогы – жаңартылған Kia Rio X салонындағы тағы бір дизайнерлік екпін.
Kia Rio X қозғалтқышын оталдыру үшін түймешені басыңыз, енді кілтті алудың қажеті жоқ.
Тұрақ берілгілері енді артқы жағында ғана емес, алдыңғы жағында да орнатылған. Бұл шектеулі кеңістікте тұраққа қою мен маневр жасауды айтарлықтай жеңілдетеді.
Жүйе тайғанау қаупі бар болса, дөңгелектердің біреуін автоматты түрде тежеу арқылы ықтимал жағдайда қозғалыс траекториясын сақтауға көмектеседі.
Шиналардағы қысымды бақылау жүйесінің арқасында дөңгелекті қашан үрлеу керектігін білесіз. Бұл өте ыңғайлы!
Тежеу күштерін автоматты түрде қайта бөлудің көмегімен бұрылыстарда сырғанамай, белгіленген траектория бойынша бұрыласыз.
Жоғарыға көтерілу үшін орнынан қозғалған кезде жүйе автокөліктің артқа қозғалып кетпеуінің алдын алу үшін тежегіштерді екі секундтай ұстап тұрады.
Бұл кешенді жүйе барлық төтенше жағдайларда көмек алуға мүмкіндік береді. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жүйе операторлары сізбен хабарласуға және қажет болған жағдайда жедел жәрдем қызметін шақыруға дайын.
Жаңартылған Kia Rio X салонындағы ойластырылған шешімдер қысқа сапарлар мен ұзақ саяхаттар кезінде қарым-қатынас жасау кеңістігін ұйымдастыруға көмектеседі. Жолда қажет болуы мүмкін барлық нәрсе қол созым жерде болмақ.
Ыңғайлы шынтақ қойғыш екі қалыптың біреуін таңдауға мүмкіндік береді, ал оның астында пайдалы ұсақ-түйектерді сақтауға арналған жәшік бар.
Енді артқы қатардағы серіктеріңізде де смартфондарға және басқа гаджеттерге қуат беру мүмкіндігі бар.
Кішкентай қолшатыр немесе су құйылған бөтелке сыятын есік қалталарының көлемін бағалайтын шығарсыз.
Электр реттеу арқылы бел тіреуін теңшеңіз де, ұзақ сапарға шығыңыз, шаршағанды ұмытасыз.
Көлемді жүктерді немесе ұзын заттарды тасымалдау үшін артқы орындықтарды 60/40 қатынасымен бүктеуге болады.
Шағын спорттық жабдықтар мен бірнеше чемодан үлкен жүк салғышқа оңай сыйып кетеді, ал кең артқы жалпақ есік заттарды ыңғайлы етіп тиеуге мүмкіндік береді.
Орындықтардың артқы қатарын бүктесеңіз, 370 литрді 1075 литрге пайдалы көлемге айналдыра аласыз және барлық қажетті жүктерді, тіпті, велосипедті жүк салғыш бөлігіне сала аласыз.
Заманауи қозғалтқыштар, трансмиссиялар және аспалар саяхаттауға дайын адамдар үшін әзірленген сияқты. Кез келген жолмен жүретін кез келген сапарда сіз керемет динамика мен жайлылықты міндетті түрде бағалайсыз. Жаңартылған Kia Rio X сізді жиі саяхаттауға итермелейді.
Сайтта қамтылған Kia бренді өнімдерінің бағалары туралы мәліметтер тек ақпараттық сипатта болады. Көрсетілген бағалар Kia дилерлерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Kia өнімдерінің өзекті бағалары туралы толық ақпарат алу үшін Kia дилерлеріне хабарласыңыз. Kia брендінің кез келген өнімін сатып алу жеке сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұсынылған автокөлік суреттері сатылатын автокөліктерден өзгеше болуы мүмкін.
Осы сайттың Құқықтық ақпарат бөлімінде көрсетілген тіркелген тауар белгілері пайдаланылады https://kia.com.kz/kz/information/
Екпіндеу уақыты бойынша деректер эталондық отын пайдалану кезінде арнайы өлшеу жабдығын қолдана отырып, эталондық жағдайларда алынды. Үдеудің нақты уақыты әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен ерекшеленуі мүмкін, олар: ылғалдылық, қоршаған ауаның қысымы мен температурасы, пайдаланылатын отынның фракциялық құрамы, жер бедері, жол жамылғысының сипаттамалары, желдің бағыты мен жылдамдығы, атмосфералық жауын-шашын, шиналардағы қысым, сондай-ақ олардың көлемі, маркасы мен моделі, тасымалданатын жүктің массасы (жүргізуші мен жолаушыларды қоса алғанда) және жүргізу дағдылары. Автокөлік жабдықталымындағы айырмашылықтар мен әртүрлі нарықтардағы талаптарға байланысты модельдердің сипаттамалары жоғарыда айтылғандардан өзгеше болуы мүмкін. Kia компаниясы алдын ала ескертпей-ақ автокөліктердің құрылымы мен жабдықталымына өзгерістер енгізуге құқылы.
Rio X - Рио Икс, Comfort - Комфорт, Luxe - Люкс, Style - Стайл, Prestige - Престиж, Premium - Премиум.
Auto - Авто; Supervision - Супервижн; Kappa - Каппа; Gamma - Гамма; Apple Carplay - Эппл Карплей; Android Auto - Андройд Авто; Smart Key - Смарт Кей
USB (Universal Serial Bus) - қосылуға арналған интерфейс; Bluetooth (Блютус) - сымсыз дербес желілердің спецификациясы; ESC (Electronic Stability Control) – Бағыт тұрақтылығының жүйесі; CBC (Cornering Brake Control) – Бұрылыстарда тежеуді бақылау жүйесі; HAC (Hill-Start Assist Control) Биіктікке көтерілген кезде көмек көрсету жүйесі
Техникалық сипаттамаларды KIA дилерлерінен нақтылаңыз.
Сәнді мультимедиалық жүйе сапардың мәртебесі туралы хабарлайды және жолда көңіл көтереді
Кіріктірілген Bluetooth арқасында үйлесімді смартфонды қосып, музыка тыңдауға, қоңырау шалуға және навигацияны пайдалануға болады.
Орталық консоль заттарды сақтауға арналған қосымша зат салғыштармен және қолға ыңғайлы орынды таңдауға мүмкіндік беретін реттелетін шынтақ қойғышпен жабдықталған.
Түймешелерді жай ғана басу арқылы ыңғайлы жылдамдық режимін орнатуға, өзгертуге және өшіруге болады. Жылдамдық шектегіші автокөлікті қала жағдайында жүргізуді ыңғайлы етеді.
Руль дөңгелегіне орнатылған түймешелер аудиожүйені жолға алаңдамай-ақ басқаруға мүмкіндік береді.
Осы жүйенің көмегімен қозғалтқыш кілтсіз іске қосылады, түймешені жай ғана басу керек.
Түймешені бір рет басу арқылы салонның оңтайлы температурасын таңдаңыз, сонда теңшеулерді өзгерткенше немесе жүйені өшірмейінше жүйе оны автоматты түрде сақтап тұрады.
Сыртқы жарық қосқышын Auto күйіне бұраңыз, ал жүйе алдыңғы және артқы шамдарды сыртқы жарық деңгейіне сәйкес қосады.
Picanto шанағының негізгі түйіндерінің 40%-дан астамы ыстықтай қалыпталған болат элементтерін қолдана отырып, беріктігі жоғары AHSS болаттан тұрады. Бұл соққы кезінде шанақтың беріктігін және бұралу қаттылығын едәуір арттырды, салон қорғанысы мен автокөліктің басқарылуын жақсартты.
Жүргізуші мен жолаушыларды қорғау үшін, соқтығысу кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін жаңа Picanto-да алдыңғы қауіпсіздік жастықшалары, сондай-ақ бүйірлік жастықшалар мен қауіпсіздік перделері көзделген.
Артқы тұрақ берілгілері басқа көлікке немесе кедергіге жақындағаныңызды ескертеді, бұл артқы жүріспен тұраққа қоюды едәуір жеңілдетеді.
Биікке көтерілу кезінде HAC жүйесі қауіпті кері кетудің алдын алады. Тежегіш педальды босатқан кезде жүйе автокөлікті қозғалыссыз ұстайды, бұл акселератор педалін басуға уақыт береді.
ESC жүйесі бұрылыстарда автокөліктің тұрақтылығын оңтайлы тежеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Ол айналу сәті мен жол жағдайына байланысты дөңгелектердің арасындағы тежеу күшін автоматты түрде қайта бөледі.
ABS жүйесі қозғалыс бағытын сақтай отырып, барынша тежеу тиімділігін қамтамасыз етеді.
Бүйірлік қаттылықты және әр дөңгелектің радиусын үнемі өлшей отырып, TPMS жүйесі аспаптық панельдегі индикатор арқылы шиналардағы қысымның төмендегенін ескертеді.
Қызыл түсті тігіс орындықтарды, руль дөңгелегінің әрлеуін және жабынын безендіреді, бұл автокөлікке спорттық сипат береді.
Жарығы бар дизайнерлік есік кіріктірмелері салонға атмосфера қосады және оны әсерлі етеді.
Аспап панелінің жалпы дизайнына мінсіз кіріктірілген, үлкен экраны бар мультимедиа жүйесі сізді қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етеді, ал нақты навигация оңтайлы бағыт жасайды.